424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бангладеште дауыл салдарынан 4 адам қаза тапты

  • 558
  • UPD: 19:39, 10.11.2019
Бангладеште дауыл салдарынан 4 адам қаза тапты

Бангладеште «Бульбуль» дауылынан 4 адам қаза болып, 9 тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамдардың көбін дүлей жел кезінде басып қалған. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге дауылдан келген шығын көлемі белгісіз. Бірақ билік бұған дейін жағалауға жақын жатқан аудандардан 1 миллионнан астам адамды эвакуациялаған болатын. Ал соңғы ақпарға қарағанда сағатына 120 шақырым жылдамдықпен соққан жел Үндістанның Батыс Бенгалия штатына ойысқан.

Айта кетейік, Бангладеште дауыл жиі тұрады. Соңғы жылдары билік дүлей желдерге дайындықты күшейту арқылы адам шығынын едәуір азайтуға қол жеткізген.

Хабар 24 телеарнасы