384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өртінен 3 адам мерт болды

  • 181
  • UPD: 08:27, 11.11.2019
Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өртінен 3 адам мерт болды

Австралияның оңтүстік-шығысында орман әлі өртеніп жатыр. Табиғат апатынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңдаған тұрғын үйлерін тастап қауіпсіз жерге көшкен. Лаулаған жалын 150 үйді күлге айналдырған. Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Квинслендте 100-ден астам өрт ошағы тіркелген. Лаулаған жалынды сөндіруге жел кедергі келтіруде. Билік оларды өшіруге тағы 1 мыңнан астам маманды аттандыратынын мәлімдеді. Және де тұрғындардан өрт сөндірушілердің көмегін күтпей табиғат апатына қарсы қажетті шараларды қолға алу керектігін айтады.

Хабар 24 телеарнасы