376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалықтарды ең көп алаңдататын мәселелер қандай?

  • 366
  • UPD: 09:16, 11.11.2019

Қазақстандықтар кейде шетелдіктердің өміріне қызығып, ондағы тұрмыстың жақсы екенін айтып жатады.

Бірақ өзге елдерде де адамдардың алаңдайтын мәселелері жетерлік екенін біреу білсе, біреуі білмейді. «Хабар 24» тілшілерінің Вашингтон қаласының көшелерінде жүргізген сауалнамаасы осыны көрсетеді. Дамыған алпауыт елдің тұрғындары көпшілік ойлағандай уайым-қайғысыз емес екен. Мысалы, Вашингтон тұрғындары баспана, білім және денсаулық саласындағы реформалар, мектептердегі атыстар мен есірткінің таралуы сынды мәселелердің алаңдаушылық туғызатынын айтады.

Джураша, Вашингтон тұрғыны:

- Қарумен жасалатын қылмыстар көптеп тіркеледі. Таңертең тұрып, мектепте атыс болғанын естуден қорқынышты не бар? Менің отбасымды бұдан бөлек, баспана мәселесі көп алаңдатады.

Тим, Вашингтон тұрғыны:

- Мұнда өмір қымбат. Әсіресе, жұмысшыларға ауыр. Адамдар жұмысқа тұру үшін жақсы білімі болуы қажет. Ал оған қол жеткізу оңай емес.

Грин, мектеп оқушысы:

- Меніңше, қоғамымызда шешімін таппай келе жатқан басты мәселе білім саласы деп ойлаймын. АҚШ әлемде жетекші ел болып саналады. Бірақ біз бұл салада Дания, Швейцария сынды елдерден қалып барамыз. Олардың білім жүйесі әлдеқайда артық. Үкімет осы олқылықтың орнын толтыруы керек.

Хабар 24 телеарнасы