384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік көшбасшылар ғаламшарды құтқару мәселесін талқылауы тиіс – сарапшы

  • 189
  • UPD: 10:41, 11.11.2019

Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың бір жолы – ядролық қарудан бас тарту.

«Astana club»-тың V отырысына қатысуға келген Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Граyофф осылай дейді. Оның айтуынша, ядролық қаруы бар елдер екіге бөлінеді. Бірі қаруды шетінен жойып жатса, екіншісі, керісінше, жетілдіріп, жаңғыртып жатыр. Соңғысы басқа мемлекеттердің алаңдаушылығын тудырады. Ал, ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан көпке үлгі болды. «Бұл тәжірбиені өзге елдер де іске асыруы керек», - дейді сарапшы.

Джонатан Гранофф, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті:

- Менің ойымша, әлемдік көшбасшылар келіссөздер үстеліне жиналуы керек. Онда ғаламшарды құтқару мәселесі талқылануы тиіс. Үшінші Дүниежүзілік соғысы болады деп ойламаймын. Соғыс туралы әңгімені осы тақырыпта материал жазып, жұрттың назарын өздеріне аударғысы келетін бұқаралық ақпарат құралдары ғана айтып жүр. Күні бүгінге ядролық қарудың 1%-тен астамы ғана қолданылған. Бұл арсеналды қолданған жағдайда ауаға 5 млн тоннадан астам зиянды зат тарайды екен. Ғаламшарға қауіп төндіру үшін Үндістан мен Пәкістандағы қаруды қолданса да жетіп жатыр. Мұндай қақтығыста жеңімпаз болмайды. Оны барлығы біліп отыр. Мәселе басқада болып тұр. Яғни, тұрақтылықты сақтау үшін әр ел өз күшін көрсеткісі келеді. Ядролық қаруы барлар қақтығысқа дайын тұрады. Ғарыштан қарасаң, жердің өте кішкентай екенін көреміз. Соны түсініп, жойылудан сақтауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы