375,91 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда бомба жарылысынан 8 адам мерт болды

  • 279
  • UPD: 10:53, 11.11.2019
Сирияда бомба жарылысынан 8 адам мерт болды 112.ua

Сирияның солтүстік-шығысында бомба жарылысынан 8 адам мерт болды.

Бұл туралы Түркияның қорғаныс министрлігі өкілдері хабарлады.

Себебі оқиға болған аймақты түрік әскері мен оның жақтастары бақылайды. Қазір түрік билігі жарылысқа күрд жасақтары кінәлі деп айыптап отыр.

Айта кетейік, өткен айдың басында Түркия Сирия аумағында әскери операция бастаған еді. Оның мақсаты күрд жасақтарымен күрес және сириялық босқындарға арналған буферлік аймақ құру болды.

Хабар 24 телеарнасы