417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода жаңа императордың таққа отыруына байланысты шеру өтті

  • 570
  • UPD: 12:12, 11.11.2019
Токиода жаңа императордың таққа отыруына байланысты шеру өтті

Токиода жаңа император Нарухитоның таққа отыруына байланысты шеру өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқыда ол қазан айының соңына жоспарланған болатын. Алайда тайфун кесірінен кейінге шегерілген еді. Салтанатты шараға қатысуға ондаған мың адам келген. Император мен оның жары арнайы жасалған Toyota Century көлігімен жүріп өтті. 50 көліктен тұрған кортеж 400 метрге созылып, Токио көшелерімен сағатына 10 шақырым жылдамдықпен жүріп өтіпті.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында 30 жыл бойы билікте отырған император Акихито тақтан түсіп, өзінің ұлы Нарухитоға тізгінді тапсырған болатын. Көзі тірісінде тақтан кету Жапония тарихында бұдан екі ғасыр бұрын болған.

Хабар 24 телеарнасы