384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияның екі штатына өрт қаупі төніп тұр

  • 201
  • UPD: 13:55, 11.11.2019
Австралияның екі штатына өрт қаупі төніп тұр

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс және Квинсленд штаттарына өрт қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осыған байланысты аталған екі штатта төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол өрт сөндірушілерге мемлекеттік ресурстарды бақылауға, тұрғындарды күштеп көшіруге, жолдарды жауып, коммуналдық қызметтерді тоқтатуға мүмкіндік береді. Мұндай өкілеттік оларға жеті күнге берілмек.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері Жаңа Оңтүстік Уэльстің солтүстігі мен Квинслендте тілсіз жаудан 3 адам бақилық болды. Бұған қоса, 150-ге жуық үй қызыл жалыннан қирады.

Хабар 24 телеарнасы