429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті

  • 757
  • UPD: 15:26, 11.11.2019
Испанияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті

Саяси шара соңғы төрт жылда осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы «Социалистік жұмысшы партиясы» басым дауысқа ие болды. Алайда ол үкімет жасақтауға жеткіліксіз болып отыр. Енді ең көп дауыс жинаған партия парламенттік басқарудың көппартиялы жүйесін құру туралы келіссөздер жүргізуге мәжбүр.

Айта кетейік, сәуірде өткен сайлауда да Педро Санчес бастаған социалистер партиясы жеңіске жеткен болатын. Бірақ басым дауысқа ие бола алмаған еді. Ал коалиция құру келіссөздері нәтиже бермеді. Шілде айында парламент депутаттары Санчесті үкімет басшысы қызметіне тағайындау әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Осыдан кейін Испания королі Филипп VI премьер-министр қызметіне үміткерлерді ұсынбау туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы