430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия лаңкестерді елдеріне депортациялап жатыр

  • 632
  • UPD: 08:02, 12.11.2019
Түркия лаңкестерді елдеріне депортациялап жатыр

Түркия АҚШ азаматы саналатын «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының содырын еліне депортациялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады. Сондай-ақ алдағы уақытта арнайы орталықта бақылауда отырған германиялық жеті лаңкесті де еліне қайтару жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Режеп Тайып Ердоған мемлекеттің миграциялық орталығында 1200 содырдың барын айтқан еді. Олар – Анкараның «Бейбітшілік қайнары» операциясы барысында қолға түсіп, қамауға алынғандар. Жалпы Түркия барлығы 2,5 мың адамды өз отанына қайтармақ. Олардың басым бөлігі Еуропалық одақ елдеріне депортацияланады.

Хабар 24 телеарнасы