384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан алма мен анардың бірнеше жаңа сұрпын шығарды

  • 160
  • UPD: 09:40, 12.11.2019

Көкөніс пен жемістердің жаңа түрлерін шығару Әзербайжан ауыл шаруашылығында басым салалардың біріне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл жемістердің дәмін жақсарту және өнімділігін арттыру үшін жасалады.

Соңғы 10 жылда жергілікті ғалымдар селекциялық әдістемемен жемістердің 40 шақты жаңа сұрпы мен көкөністің жаңа 70 түрін шығарған.

Заманауи биотехнологиялар арқасында ғалымдар бұрыннан белгілі жемістердің жаңа түрлерін шығарып жатыр. Әзербайжан зерттеушілері өз елінде кеңінен тараған алма мен анардың бірнеше жаңа сұрпын шығарды. Мамандардың айтуынша, бұл түрлердің өнімділігі артқандықтан, фермерлерге оларды өсірту тиімді болмақ.

Вахид Алиев, ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

– Жергілікті жемістердің сұрыптарын жинап, біз арнайы селекциялық бақтарды ектік. Қазір елдің тек солтүстік-батыс аймағында жемістердің 270 түрі бар. Олардың қасиеттерін жақсарту үшін селекцияның классикалық және заманауи әдістемелерін қолдандық. Ең алдымен алманың жаңа сұрыптарын шығардық, он екісі мемлекеттік реестрге енгізілген.

Әзербайжанда ең көп тараған жемістің түрі – анар. Оны экспорттауда басымдыққа ие болу мақсатымен, фермерлер анардың жаңа сұрыптарын шығаруға тырысып келеді. «Минаширин» атты анардың бір талы 40-50 келі жеміс береді. Бір гектарға 800 ағаш егуге болады, сонда бір гектардан 40 тонна өнім жинауға мүмкіндік бар.

Вахид Алиев, ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары:

– Бізде анардың 65 сұрпы бар. Жергілікті фермер бір гектар жерге анардың жаңа түрін еккен. Оның өзгелерден ерекшелігі – жемістері ірі әрі тәттірек. Бұл сұрыпқа өзге де елдер қызғушылық танытқан. Колумбияда осы ағаштарды өсіру бойынша пилоттық жоба басталып кетті. Бәрі сәтті өтсе, бұл елде де анардың осы түрін көбейтеді.

Институт мамандары елдің оңтүстігінде өсетін фейхоа, лимон, киви секілді субтропикалық жемістердің де жаңа сұрыптарын шығарды. Жақын арада бұл жаңа сұрыптар фермерлерге таратылады. Ғалымдардың айтуынша, жемістердің жаңа түрлерін шығарғанда, генетикалық жетілдірілген организмдер қолданылмаған. Бұл тұтынушылар үшін өте маңызды болып отыр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы