384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште пойыздар соқтығысып, 12 адам қаза тапты

  • 181
  • UPD: 17:58, 12.11.2019
Бангладеште пойыздар соқтығысып, 12 адам қаза тапты

Бангладеште пойыздардың соқтығысуынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, 28-і жарақат алды, деп хабарлады ҚазАқпарат The Daily Star-ға сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 3:00 шамасында ел астанасы Даккадан 109 шақырым қашықтықтағы Мондобхаг теміржол стансасында болған.

Пойыздардың бірі станцияда қозғалыс бағытын өзгерткен кезде болған апаттан кем дегенде 12 жолаушы қаза тапты. Пойыздың екі вагоны соқтығыс салдарынан қатты зақымданған. Қазіргі уақытта вагондардан сегіз мәйіт табылды. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Қаза тапқандар саны көбеюі мүмкін, себебі көптеген адам мыжылып қалған вагонның ішінде жатыр. Мерт болғандардың жеке басын бірден анықтау мүмкін болмаған.

Апаттан кейін осы учаскедегі теміржол бағыты тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы