384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда үш жерде жойқын жарылыс болды

  • 283
  • UPD: 11:59, 12.11.2019
Сирияда үш жерде жойқын жарылыс болды

Сирияның Камышлы қаласында 3 жерде жойқын жарылыс орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 7 адам қаза тауып, 70 азамат жарақаттанды. Жергілікті күштік құрылымдар мәлімдемесіне сүйенсек, бомбалар 3 көлікке қойылған. Сөйтіп екі көлік қала орталығында, қалған біреуі базар маңында жарылыпты. «Сирияның демократиялық күштері» болған оқиғаға «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымын кінәлап отыр. Олардың дерегі бойынша аталған террорлық ұйым түрік әскерінің Сирия аумағына кірген сәтінен белсенділік таныта бастаған.

Еске сала кетейік, өткен айдың басында Түркия Сирия еліндегі әскери операциясын бастаған болатын. Оның мақсаты күрд жасақтарына қарсы күрес жүргізу мен сириялық босқындарға арналған буферлік аймақ құру болған еді.

Хабар 24 телеарнасы