384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде 75 мың адам үкіметке қарсы шықты

  • 184
  • UPD: 13:25, 12.11.2019
Чилиде 75 мың адам үкіметке қарсы шықты

Чилиде 75 мың азамат үкіметке қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшыларының сөзінше, шеру кезінде демонстранттар полицейлерге кірпіш пен жанғыш заты бар бөтелке лақтырған. Бұған қоса, ереуілшілер вандализм әрекеттерін жасапты. Наразы жұрт шіркеудегі мүсіндерді, иконалар мен жиһаздарды сыртқа алып шығып, оларды өртеп жіберген. Сонымен қатар олар университет ғимаратына да залал келтіріпті.

Айта кетейік, Чилидегі ереуіл қазанның ортасынан жалғасып келеді. Оған қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы