384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Делиде ауаның ластануы адам өміріне қауіпті деңгейге жетті

  • 612
  • UPD: 22:50, 12.11.2019

Экология мәселесі тек біздің елде ғана емес, жалпы дүниежүзінде өзекті болып отыр. Қазір бұл проблема Үндістан мен Италияда өзекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда халық өнеркәсіп пен жолдағы көлік түрлерінің саны арқандықтан, ауадағы улы газдардың көбейюіне наразы. Осыған орай ашынған халық үкіметтен көмек сұрап, наразылық акциясын ұйымдастырып жатыр.

Үндістан мен Италияда ауа ластануының зардабы қандай болды?

Екі елде де денсаулықтары сыр беріп, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің қатары артты. Сонымен қатар бұл проблема ел экономикасына да кері әсерін тигізуде.

 

Нью-Делиді қою түтін тұмшалады 

Үндістан астанасы Дели қаласында ауаның ластануы қалыпты нормадан бірнеше есеге асып, адам өміріне қауіпті деңгейге жетті.

Қазір шаһарды дәл осындай көк түтін басып отыр. Осыған орай жергілікті тұрғындар мен аймаққа ағылған туристер сыртқа шыға алмай әлек. Тіпті көшеде бетпердесіз жүру мүмкін емес. Ал, ауруханада денсаулығына шағымданғандардың қатары күн санап артып барады.

Жуырда жергілікті билік мектептер мен колледждердің жұмысын бірнеше күнге тоқтатып, қоғамдық көлік қатынасын шектегеннен кейін жағдай оңалған еді. Алайда бірнеше күннен кейін Атмосфераның ластану индексі қайта көтеріліп кетті. Енді мамандар алдағы күндері жағдай одан бетер нашарлай түседі деп дабыл қағуда

Блиц 1:

- Ауаның ластану мәселесіне аса мән беріліп жатқан жоқ сияқты. Қаланы көк түтін басты. Бетпердесіз демалу қиын. Денем қышып, мазам кетеді. Бұған қалай шыдаймыз?

Блиц 2:

- Көріп тұрғандарыңыздай, көшеде жүру мүмкін емес. Түтіннен алдағы 100-200 метр жерде не тұрғаны да көрінбейді.

Блиц 3:

- Үйден ерте шыққандар қиналады. Улы газдың иісі қатты сезіледі. Тіпті сыртқа шықсақ көзіміз ашып, тұншыға бастаймыз. Жағдайымыз өте нашар

Кей мамандар жағдайының күрт ушығуына Дивали фестиваліндегі отшашудан шыққан түтін себеп дейді. Қазір 20 млн тұрғыны бар Дели қаласының билік өкілдері тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес беріп отыр. Ал, аймаққа ағылған саяхатшылар кері қайтуға асық. Өйткені Тәж-Махал кесенесін тамашалауға келген қонақтар сәулетті ғимараттың шаң мен түтіннің арасында көрінбей кеткенін айтып шағымданып отыр.

 

Италия халқы металлургиялық зауыттың жабылуын талап етті

Ал, Италияның Таранто қаласының тұрғындары Ильва металлургиялық зауытының алдына шығып, наразылық акциясын ұйымдастырды. Жиналған жұрт зауыттың бірнеше жылдан бері ауаға зиынды газ бөліп, жұртты уландырып жатқанын айтады. Тіпті тұрғындардың дерті мен адам өлімінің себебі де осы зауыттың жұмысының нәтижесі деп отыр. Италия премьер-министрі Джузеппе Конте экологиялық белсенділердің талабын орындау оңай шару аз емес екенін айтады. Мәселен, өндіріс орнында 10 мыңнан астам адам қызмет етеді.

Блиц 1:

- Түтін мұржасынан шыққан у түгел қаланы басып алды. Оның зардабын балаларымыз да тартып отыр. Ісік ауруларына шалдыққандар көбейіп кетті. Адам өміріне қауіпті зауыттан не пайда?!

Блиц 2:

- Осы жолы қарапайым наразылық акциясына тұрғындар ғана емес, зауыттың қызметкерлері де шығып отыр. Денсаулыққа зияны көп компанияда жұмыс істегенен не қайыр? Әрине, әр адам табыс тауып отбасын асырағысы келеді. Бірақ деннің саулығы бірінші орында.

Мамандар Таранто қаласындағы ауа құрамында диоксинің бар екенін анықтады. Ақ халаттылардың зерттеуіне сүйенсек, 2005-2012 жылдар аралығында осы диоксиннің кесірінен 3 мыңға жуық адам көз жұмған. Ал жуырда бұл қауіпті химиялық зат ана сүтінің құрамынан да табылды.

Хабар 24 телеарнасы