376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венецияны су басты

  • 265
  • UPD: 11:26, 13.11.2019
Венецияны су басты

Венеция жауын салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәліметіне сай, өңірдегі су деңгейі 127 сантиметрге жеткен. Толассыз жаңбыр кесірінен қала орталығындағы көптеген нысандарды су басыпты. Олардың арасында танымал Әулие Марк шіркеуі де бар. Жалпы, жауын азабын Венециядағы жаяу жүргіншілер де тартып жатыр. Тізеден асатын суға шылқымас үшін олар резеңке етік киюге мәжбүр. Жалпы мамандардың айтуынша, Венецияда су тасқыны сирек кездесетін құбылыс емес. Оған көбіне толассыз жаңбыр мен теңіз суының көтерілуі себеп болады екен.

Хабар 24 телеарнасы