384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда балаларға вакцина егу міндеттеледі

  • 193
  • UPD: 11:35, 13.11.2019
Германияда балаларға вакцина егу міндеттеледі

Германияда мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндерін егу міндеттелетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа заң келесі жылы наурыз айында күшіне енеді. Екпе алмаған балалардың ата-аналары жазаланып, 2 мың еуро айыппұл салынады. Балалармен жұмыс істейтін барлық қызметкерлер де қауіпті ауруларға қарсы егілуі тиіс. Жалпы Роберт Кох институтының дерегіне сүйенсек, Германияда 93,8 процент бала егілген. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткішті 95 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр. Үкімет тіпті балаларды дәріханаларда да егуге рұқсат беруді ойластыруда. Сауалнамаға қарағанда, халықтың төрттен үш бөлігі екпені қолдайтынын айтқан.

Штеффи, Берлин тұрғыны:

– Менің ұлым қажетті екпелердің бәрін алған. Бірақ оны екпес бұрын көп оқып, көп іздендім. Тіпті бастапқыда оған қарсы болдым. Бірақ дәрігермен кеңесіп, оның қажет екенін түсіндім. Сондықтан адамдардың бәрі егілгені жөн деп ойлаймын. Бұл аурулардың таралуына жол бермеуге көмектеседі.

Натали, дәрігер:

– Екпе балаларға да, ересектерге де маңызды деп санаймын. Одан тек иммундық жүйесі әлсіреген қарт адамдар босатылуы тиіс. Бірақ екпеден бас тартқандарға айыппұл салу дұрыс емес. Адамдар оның маңызды екенін өздері түсінуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы