384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде жалпыұлттық ереуіл жарияланды

  • 210
  • UPD: 14:05, 13.11.2019
Чилиде жалпыұлттық ереуіл жарияланды

Шара қарсаңында шерулер жүріп, полициямен қақтығыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары акцияға қатысушыларға күш қолданып, көзді жасаурататын газ бен су шашты. Халық Аугусто Пиночет кезінде қабылданған конституцияны өзгертуді талап етіп жатыр. «Себебі, ескі заң қазіргі жағдайға сай келмейді», – дейді тұрғындар. Осыған байланысты президент Себастьян Пиньера жаңа конституция жобасын ұсынды. Парламент оны жақын арада талқылауы тиіс. Еске сала кетейік, Чилиде толқулар бір ай бұрын метрода жүру ақысының қымбаттауынан туған еді. Содан бері 20 адам қаза тапты.

 

Хабар 24 телеарнасы