384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда уақытша президент тағайындалды

  • 225
Боливияда уақытша президент тағайындалды BBC

Оңтүстікамерикалық мемлекетте конституциялық соттың шешімімен уақытша президент тағайындалды.

Сөйтіп Боливия сенаторы Жанин Аньес қызметке кірісіп, ант қабылдады. Өз сөзінде Аньес жақын арада президенттік сайлау өткізетінін айтты.

Еске сала кетейік, Боливияның бұрынғы президенті елдегі бірнеше аптаға созылған ереуілдерден соң отставкаға кеткен еді. Өз өміріне алаңдаған Моралес Мексикаға қашқан. Бұл арада Ла-Пастағы толқулар әлі де жалғасып жатқанын айта кетейік.

Жанин Аньес, боливияның уақытша президенті:

– Елге қалайда демократияны қайтарамын деп уәде беремін. Лауазымға уақытша келдім. Себебі боливиялықтар демократия орнатылған еркін өмірге лайық. Енді біздің дауыс беру құқығымызды ешкім тартып ала алмайды.

Хабар 24 телеарнасы