384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталондық ереуілшілер Испания мен Франция арасындағы жолды жауып тастады

  • 166
  • UPD: 09:49, 14.11.2019
Каталондық ереуілшілер Испания мен Франция арасындағы жолды жауып тастады

Каталониядағы ереуілдер басылар емес. Бұл жолы наразы топ Испания мен Франция арасын қосатын тас жолды басып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеруге қатысушылар Жирона қаласының маңындағы жол қозғалысын тежеп, бөшке мен резеңке дөңгелектерден бөгет жасаған. Полиция қызметкерлері наразы халықты тарқатып әлек.

Еске сала кетейік, 14 қазан күні Испанияның Жоғарғы соты каталондық он екі саясаткерге қатысты үкім шығарды. Оларға 2017 жылы заңсыз референдум өткізді деген айып тағылып, 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үш шенеунікке айыппұл салынды. Содан бері Каталониядағы толқулар әлі жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы