384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Литва мен Испанияда адамдарды саудалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

  • 144
  • UPD: 14:17, 14.11.2019
Литва мен Испанияда адамдарды саудалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Литва мен Испанияда адамдарды саудалаумен айналысқан 15 адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 13-і Литвада жүргізілген арнайы операция барысында тұтқындалса, қалған екеуі Испанияда қамауға алынған. Мәліметке қарағанда, қылмыстық топ үшінші елдерден қыздарды жұмысқа шақырып, оларды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген және де есірткі тасымалдап, қарақшылықпен айналысқан. Тергеушілер олардың қолынан жүзден астам азаматтың зардап шеккенін айтады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы