376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словакияда жантүршігерлік жол апатына байланысты қаралы күн жарияланды

  • 274
  • UPD: 19:51, 14.11.2019
Словакияда жантүршігерлік жол апатына байланысты қаралы күн жарияланды

Словакия Үкіметі 12 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатына байланысты 15 қарашаны қаралы күн ретінде жариялады.

Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Еске сала кетейік, сәрсенбіде Словакияның батысындағы Нитра қаласында тас тиелген жүк көлігі ауа райының қолайсыздығынан қарсы бағытқа шығып кетіп, 30 жолаушы отырған автобусқа соғылды. Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза тапты, 17-сі жараланды. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы