384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей колледжіндегі атыс: қылмыстық іс қозғалды

  • 196
  • UPD: 22:39, 14.11.2019
Ресей колледжіндегі атыс: қылмыстық іс қозғалды

Ресейде 19 жастағы студент оқу ордасында өз группаластарына оқ атты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 1 адам көз жұмып, 3-еуі жарақаттанды. Студент артынша өз-өзін атқан. Қайғылы оқиға Амур құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжінде болған. Зардап шеккен бір адам ауыр халде жатыр. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, атысқа жігіттердің өзара сөзге келіп қалуы себеп болуы мүмкін. Осы оқиға бойынша Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Хабар 24 телеарнасы