376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта қоймалардың бірінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

  • 315
  • UPD: 08:51, 15.11.2019
Таиландта қоймалардың бірінен ірі көлемде есірткі тәркіленді

Таиланд полициясы Бангкоктағы қоймалардың бірінен 176 келі кристалды метамфетамин тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есірткінің жартысы жүгіру жолына арналған қосалқы бөлшекке жасырылған екен. Тең жартысы қоймадағы ағаш жәшіктерге салынған. Полицияның ақпарына сай, бір адам қамауға алынған. Сондай-ақ есірткі сатпақ болған топты анықтау үшін тергеу амалдары басталып кетті. 

Айта кетейік, Мьянмада дайындалған кристалды метамфетаминдер дәл осы Таиланд арқылы таралады. Жергілікті билік есірткі нарығының күн санап күшейіп бара жатқандығын айтып, дабыл қағуда. БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының ақпарына сай Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі метамфетамин айналымы бүгінде 60 миллиард долларды құрайды. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш төрт есеге аз болған.

Хабар 24 телеарнасы