384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та мектептегі атыстан 2 оқушы қайтыс болды

  • 165
  • UPD: 09:30, 15.11.2019
АҚШ-та мектептегі атыстан 2 оқушы қайтыс болды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы мектептің бірінде атыс болып, 6 оқушы жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Адамдарға оқ атқан 16 жастағы оқушы полицейлер жеткенше өз-өзіне тапаншадан оқ атып, кейіннен қолға түскен. Оның мұндай әрекетіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Ақпарға қарағанда осы күні оның туған күні болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Шон Мурило, оқушы:

– Мен жаттықтырушының бөлмесінен шығып, сыныбыма бара жатқанда бірнеше рет атылған оқтың дауысын естідім. Содан дереу кері қайттым. Барлығы тынышталғаншша өзге балалармен сол жерде болдым.

Хабар 24 телеарнасы