384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда жер сілкінді

  • 165
Индонезияда жер сілкінді

Индонезия жағалауына жақын жерде 7,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зілзала ошағы Тернате қаласынан солтүстік-батысқа қарай 140 шақырымдай жерде теңізде тіркелді. Табиғат апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Алғашқы зілзаладан кейін 20-дан астам дүмпу болды. Билік жер сілкінісінен соң цунами болатынын жариялап, кейін қауіптің сейілгенін хабарлады.

Айта кетейік, Индонезияда жер сілкінісі жиі болып тұрады. Өткен жылы қыркүйек айында Сулавеси аралына жақын жерде 7,5 балдық зілзала тіркеліп, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы