384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гвинеяда қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты

  • 159
  • UPD: 14:42, 15.11.2019
Гвинеяда қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты

Гвинея астанасы Конакриде билікке қарсы наразылық шеруі өтіп, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шерушілер полицейлермен қақтығысқа түсіп, автобусты жағып жіберді. Жарақат алғандар туралы ақпар жоқ.

Еске сала кетейік, Гвинеяда толқулар бір айдан бері жалғасып келеді. Оған үкіметтің ел конституциясына өзгертулер енгізуі себеп. Өйткені бұл қазіргі 81 жастағы президент Альфа Конденің қайта сайлануына жол ашқан. Ал ресми мәліметке қарағанда өткен айдан бері жүріп жатқан шерулерден 14 адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы