384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балықтың ішек-қарнынан биоқапшық ойлап табылды

  • 211
  • UPD: 15:36, 15.11.2019

Ұлыбританияда Люси Хьюз есімді студент балықтың ішек-қарнынан ыдырағыш биоқапшық жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бойжеткен мұндай жетістікке бірнеше ай бойы жүзден астам тәжірибе жүргізу арқылы қол жеткізген. Ақыр соңында Хьюз балық қабыршағы мен қызыл балдырдың қоспасынан полиэтиленнен берік материал ойлап тапқан. Ол 6 аптаның ішінде толық ыдырып кетеді. Және қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Хьюздің материалы Джеймс Дайсон атындағы Халықаралық студенттік байқаудың жеңімпазы атанып, 30 мың фунт стерлинг сыйақы ұтып алды. Бұл қаражатты Хьюз өз материалын өндіріске жаппай енгізу үшін жаратпақшы.

Хабар 24 телеарнасы