424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Bloomberg Билл Гейтсті әлемнің ең бай адамы деп атады

  • 1219
  • UPD: 10:21, 16.11.2019
Bloomberg Билл Гейтсті әлемнің ең бай адамы деп атады

Екінші орында Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос, ал үздіктер үштігін Louis Vuitton брендінің қожайыны түйіндеді.

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс араға 2 жыл салып Bloomberg Billionaires Index миллиардерлерінің көшін қайта бастады.

Дәулеті бойынша ол онлайн-сауда платформасы Amazon-ның иесі Джеффа Безосты басып озды. Оның осы кезге дейін жиған-тергені 110 млрд долларға бағаланып отыр. Танымал кәсіпкердің ауқатының артуына АҚШ-тың қорғаныс министрлігімен қашықтықтан есептеу саласы бойынша келісімшарт жасасуы себеп болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы