380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эболаға қарсы жаңа вакцина салынды

  • 198
  • UPD: 14:42, 16.11.2019
Конгода Эболаға қарсы жаңа вакцина салынды

Конгода ресми түрде Эбола безгегіне қарсы жаңа вакцина таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Препаратты дәрі-дәрмек шығаратын америкалық компания ойлап тапқан. Вакцина сараптамадан сәтті өтті. Енді Эбола безгегі жиі тарайтын елдерге жеткізіледі. Вакцина 8 апта сайын адамға екі мәрте салынатын болады. Айта кетейік, эпидемия алғаш рет Батыс Африкада 2015 жылы тіркелген еді. Әсіресе, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия және Конго елдерінде безгекке шалдыққан науқастар саны артып кетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпары бойынша Эболаға барлығы 28 мың адам шалдыққан. Оның 11 мыңы осы эпидемиядан көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы