384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран жанармайдың бөлшек саудасына шектеу қойды

  • 233
  • UPD: 12:10, 16.11.2019
Иран жанармайдың бөлшек саудасына шектеу қойды

Бұл туралы мұнай өнімдерін үлестіретін ұлттық компанияның өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді жүргізушілер айына тек 60 литр жанармай сатып ала алады. Ал такси жүргізушілері үшін жеке шектеу орнатылды. Олардың айлық максималды мөлшері 400 литр отын. Сондай-ақ, елде бензин бағасы 50 процентке  қымбаттаған. Ал шектеуден асып кеткен жағдайда жүргізушілер әрбір литр үшін екі есе көп төлейді. Айта кетейік, Иран әлем бойынша мұнай қоры ең көп мемлекеттердің бірі. Дегенмен, өндірістегі мәселелерге байланысты жанармайды сырттан алады.

Хабар 24 телеарнасы