384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Палестиндік радикалдар Израильге 2 зымыран ұшырды

  • 200
  • UPD: 17:25, 16.11.2019
Палестиндік радикалдар Израильге 2 зымыран ұшырды ТВ Центр

Жұмадан сенбіге қараған түні Газа секторындағы радикалдар Израильге екі зымыран атты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, Израильдің «Темір күмбез» атты зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі оларды дер кезінде анықтап, тосқауыл қойды. Артынша Израиль әскері шабуылға жауап ретінде палестиналық Хамас қозғалысының нысандарына әуе соққыларын жасады.

Айта кетейік, 12 қараша күні Газа секторы тарабынан Израильге қарай 450 зымыран атылған еді. Бірақ басым бөлігінің көзі жойылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы