384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда жанармай бағасының қымбаттауына қарсы ереуіл басталды

  • 152
  • UPD: 07:34, 17.11.2019
Иранда жанармай бағасының қымбаттауына қарсы ереуіл басталды

Иранның бірнеше қаласында жанармай бағасының қымбаттауына байланысты наразылық акциясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Сирджан қаласында ереуілшілер мұнай қоймасын өртеп жібермек болыпты. Абырой болғанда, ашуға булыққан жұртқа дер кезінде тәртіп сақшылары тосқауыл бола білген.

Айта кетейік, бұған дейін Иран билігі жанармай сатылымына шектеу қойған еді. Яғни жүргізушілерге айына тек 60 литр жанармай ғана сатылатын болған. Алайда көп ұзамай бензин бағасы да қымбаттады. Литріне 10 мың риал төлеп келген ирандықтар енді бір литр жанармайды 15 мың риалға ғана сатып ала алады.

Хабар 24 телеарнасы