384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп сайлау алдында медициналық тексеруден өтіп жатыр

  • 166
  • UPD: 12:01, 17.11.2019
Трамп сайлау алдында медициналық тексеруден өтіп жатыр inbusiness.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп медициналық тексеруден өтіп жатыр.

Өйткені 2020 жылы сайлау өтетіндіктен оған уақыт жоғалтқысы келмейді. Бұл туралы журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришэм хабарлады.

«2020 жылы болатын тығыз жұмыс кестесін алдын ала ескерген президент Вашингтондағы бос демалыс уақытын пайдаланып, Уолтер Рид атындағы госпитальде жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуді бастады», деді ол.

Оның алдында дәрігерлер АҚШ президентін осы жылдың ақпан айында қарап, оның жағдайының жақсы екендігін айтқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы