384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатында атыс салдарынан бір отбасының 5 адамы көз жұмды

  • 198
  • UPD: 13:22, 17.11.2019
Калифорния штатында атыс салдарынан бір отбасының 5 адамы көз жұмды

Калифорния штатының Сан-Диего қаласындағы үйлердің бірін атыс болып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдар бір отбасының мүшелері болып шықты. Олардың ішінде 3 бала, 29 жастағы әйел адам мен 31 жастағы ер азамат бар. Полицейлердің айтуынша, атыс болған үйде 11 жастағы бала аман қалыпты. Ол қазір ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек алып жатыр. Ал қанды қылмыс туралы бақилық болған отбасының көршілес тұратын туыстары хабарлаған. Олар үйден айқай-шу мен қарудың атылған дыбысын естіген. Кейін оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары үй ішінен мылтық тапқан. Алдын ала болжам бойынша оқ атқан адам көз жұмғандардың бірі болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы