384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды

  • 129
  • UPD: 16:24, 17.11.2019
Бангладеште газ құбыры жарылып, 7 адам көз жұмды

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Читтагонг қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған оқыс оқиғадан кем дегенде 7 адам қаза тауып, 15-і жарақат алды.

Бұл туралы Daily Star басылымы жазды.

Полицияның мәлімдеуінше, жарылыс 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында болған. Адам өліміне алып келген жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы