432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Лукашенко 2020 жылы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді

  • 710
  • UPD: 18:21, 17.11.2019
А.Лукашенко 2020 жылы президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді

Беларусь Республикасының басшысы Александр Лукашенко келер президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынбақ, деп хабарлады Тенгри ньюс.

«Мен саусақтарым көгергенше бұл креслоны ұстап отырмаймын (президенттік - ред.)», – деп мәлімдеді Лукашенко жексенбі күні Минскіде 2020 жылы болатын президенттік додаға қатысу туралы сұрақтарға жауап беру кезінде.

Сонымен қатар, ол белорустарға осы лауазымға өз кандидатурасын ұсыну дұрыс деп санайтынын және тек халық оған қарсы шыға алатынын айтты.

«Сұрамасаңыздар, мен кандидатурамды ешқашан алмаймын... Мен өзімді ұсынамын», – деді Лукашенко журналистерге. Лукашенко сондай-ақ, 2020 жылғы президенттік сайлау жазда өтетінін мәлімдеді.

«Тамыздың соңы – соңғы мерзім. Менің ойымша, осы жазда бұл сайлау өтеді», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы