384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран билігі интернет желісін өшіріп тастады

  • 240
  • UPD: 20:19, 17.11.2019
Иран билігі интернет желісін өшіріп тастады

Жаппай наразылықтардың көбеюіне байланысты Иран билігі интернет желісін өшіріп тастады.

Al Arabiyа телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, мұны елдің байланыс министрлігінің өкілі өзі айтқан.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мұндай шешімді қабылдауына кейінгі кездері бензин бағасының өсуіне наразылық таныту шараларының жиілеуі түрткі болыпты-мыс.

«Интернетті іске қосу үшін айтылмыш кеңестің резолюциясы керек», – деп атап өтті ведомства өкілі. 

Дереккөз: life.ru

Хабар 24 телеарнасы