384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс әлі де күрделі

  • 291
АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс әлі де күрделі

Вашингтонда АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі төңірегінде талқы аяқталар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қазіргі таңда екі алып державаның арасындағы қарым-қатынастың қара бұлты сейіле бастады деу ерте. Керісінше шиеленіс күннен күнге күшейіп бара жатқандай. Мәселен, күні кеше ғана Джеймс Бейкер институтында сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайға кінә тақты. Оның айтуынша, Қытай НАТО-ның байланыс құралдарына нұқсан келтіріп жатыр. Ал Американың вице-президенті Майкл Пенстің сөзінше, АҚШ Қытаймен тайталасқа түскісі келмейді. Десе де, Бейжің екі ел арасындағы сауда-экономикалық ахуалды жақсартуға бағытталған нақты шара қабылдаған емес. Тіпті көптеген түйткілдер бойынша қатаң әрі агрессивті саясат ұстана бастаған. Құрама Штаттар Қытаймен сауда қатынасын реттеуге тырысып бағуда. «Бірақ ол әділдік пен өзара сыйластық принциптеріне және де халықаралық сауда ережелеріне сай болуы керек», – дейді Майкл Пенс. Өз кезегінде, кейбір заң шығарушы билік өкілдері Трамп әкімшілігінің сауда соғысын жүйесіз жүргізіп жатқанын алға тартады.

Грег Стэнтон, АҚШ конгрессмені:

– АҚШ Азиядағы немесе Еуропадағы серіктестерімен бірге жұмыс істеген кезде ғана жетістікке жетеді. Қытаймен арадағы қатынасты қайта қарауымыз керектігі түсінікті, әрине. Бірақ бұл Қытайдың бізге жау екенін білдірмейді. Керісінше, біз экономикасы қарыштап дамып жатқан елмен бірге жұмыс істеуге тиіспіз. Алайда өкінішке қарай, жасаған қадамдарымыздың барлығы тек біржақты болып қалып қоюда. Бұл Америка саясатын дұрыс емес деп санайтын елдердің АҚШ-қа деген сенімінің жоғалуына әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы