384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда бәйшешек жинау науқаны басталды

  • 226
  • UPD: 23:49, 17.11.2019

Әлемде оны бекерден «қызыл алтын» деп атамаса керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі мұндай зағыпыран гүлдері өте қымбат тұрады. Өйткені ол хош иісімен және емдік қасиеттерімен бағалы. Ал Әзербайжан елінде ең әсем де шипалы гүлдер Абшерон түбегінде өседі екен.

Баку қаласының төңірегіндегі Зиря, Бильгя, Пиршағы елді мекендерінде бәйшешек гүлі ғасырлар бойы өсіріліп келеді. Жергілікті жұрттың айтуынша, абшерон бәйшешегі басқа гүлдерден айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді.

Эльмар Аллахвердиев, көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төрағасы:

– Мұнда бір гектар жерге Абшеронда өсетін бәйшешек түрін ектік. Өсімдіктің бұл түрі қолайлы ауа райы мен құнарлы топырақты қажет етеді. Қазір бәйшешек жинау науқаны басталды. Бірақ бұл гүл тым нәзік болғандықтан, оларды жинау кезінде аса мұқияттылық таныту керек. Осыған байланысты гүлді көбіне әйел адамдар жинайды.

Бәйшешек жинау – бейнеті ауыр іс. Себебі бір гүлдің небәрі 3 аналығы болады. Ал бір келі дәмдеуіш алу үшін 100 мыңнан астам гүл қажет. Жалпы, бір гектар жерден өсімдік өнімділігіне қарай 500 граммнан 3 келіге дейін таза бәйшешек дәмдеуішін алуға болады.

Эльмар Аллахвердиев, көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төрағасы:

– Гүл жинау науқаны аяқталған соң өсімдіктер арнайы әдіспен кептіріледі. Кейін гүлден тозаң бөліне бастайды. Ең бағалысы да сол. Гүл жапырақтары да түрлі мақсаттарға қолданылады. Әсіресе, дәрі-дәрмек жасау кезінде пайдасы зор. Жалпы, бәйшешектің осы түрін сақтап қана қоймай, оны көбейте түскіміз келеді. Қазір біздің институтымыз бәйшешек баданасын өсіруді қолға алды. Кейін оларды фермерлерге таратпақ ниеттеміз.

Бәйшешек әлемдегі ең қымбат дәмдеуіш саналады. Оның нарықтағы бағасы келісіне 2 мыңнан 10 мың долларға дейін жетеді. Сондықтан сатып алар кезде ең алдымен гүлдің түсі мен иісіне аса қатты мән беру керек. Әйтпесе, сапасыз түріне тап болуыңыз әбден мүмкін.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан.

Хабар 24 телеарнасы