384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда болған жойқын жарылыс 9 адамның өмірін қиды

  • 245
  • UPD: 10:07, 18.11.2019
Сирияда болған жойқын жарылыс 9 адамның өмірін қиды

Сирияның Идлиб провинциясына Ресейдің әскери әуе күштері әуеден соққы берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы рейтер ақпарат агенттігі хабарлайды. Шабуылдан 9 адам жан тапсырды. Олардың бесеуі Мелладж қаласында, ал төртеуі Серакибте мерт болған. Шамамен 10 тұрғын түрлі жарақат алды. Одан бөлек, тағы бірнеше елді мекенге әуеден шабуыл жасалған. Осыған орай жергілікті билік қаза тапқандар мен жараланғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы