384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгтегі ереуіл: 3 жарым мың адам қамалды

  • 262
Гонконгтегі ереуіл: 3 жарым мың адам қамалды

Гонконгтегі ереуіл басылар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан бірнеше күн бұрын университет алдына жиналғандар қайта бас көтерді. Наразылар жолдағының бәрін қиратып, өртеп жіберген. Шара әдеттегідей тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Ереуіл белсенділерін тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданды. Наразылар да қарап қалған жоқ. Жағалай тас лақтырған. Бірнеше адам қамауға алынды. Жарақат алғандар да бар.

Естеріңізге салайық, Гонконгтегі жаппай ереуіл осы жылдың жазында басталған болатын. Толқулардың салдарынан күні бүгінге дейін 3 жарым мың адам қамалды. Тағы 1 жарым мың тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы