384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

  • 143
Австралияда көлемі жұмыртқадай бұршақ жауды

Австралияның Квинсленд штатында тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауып, үйлер мен көліктердің терезелері мен шатырларын тас-талқан етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Электр бағаналары бүлініп, елдің оңтүстік-шығысында 20 мың үй жарықсыз қалды. Табиғат апатынан Саншайн-Кост ауданы көп зардап шеккен. Жергілікті билік 200 адамның дәрігерлік көмекке жүгінгенін айтады. Қазір өңірде табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы