384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қоғамдық көлік жүргізушілеріне арнайы білезік тағылады

  • 178
  • UPD: 14:09, 19.11.2019

Түркиядағы қоғамдық көліктер тәулік бойы арнайы орталық тарапынан қадағаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, ең көп шағымдар осы қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты түседі екен. Бір ғана Анкараның өзінде 400-ден астам бағыт бойынша 3 жарым мыңға жуық автобус қызмет көрсетеді. Оның 2 жарым мыңы мемлекеттік, қалғаны жекеменшік компаниялардың көліктері. Әрбір автобус арнайы «чиптер» арқылы қадағаланып, қоғамдық көліктердің белгіленген бағыт пен аялдамаға уақытында жетіп- жетпегендігі анықталады. Аталмыш электрондық құрылғылар арқылы муниципалитет құрамында жұмыс істейтін «Қоғамдық көліктерді қадағалау және қызмет көрсету орталығы» тарапынан бақыланады. Орталық мамандарының айтуынша, шаһарда ең көп түсетін арыз шағымдар-қоғамдық көліктердің қызмет көрсету саласына қатысты. Осыған байланысты автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жоғары. Сондықтан қызметкерлер үздіксіз арнайы біліктіліктен өтіп тұрады. Тіпті жолаушылармен қатынасты жақсарту үшін театр мамандары мен мамандандырылған оқытушылар тарапынан курстар өткізіледі. Болашақта жүргізушілерге жұмыс алдында арнайы білезіктер тағылып, жүрек соғысы тексеріледі.

Ахмет Дөнмез, көлік жүргізушісі:

– Жол қозғалысында әртүрлі жағдай кездесіп тұрады. Қаншалықты тәжірибелі болғанымызбен, автобустағы ұрыс-керіс ашуымды келтіріп, жүйкемді жұқартады. Тағы жолдағы әртүрлі деңгейдегі жүргізушілер бар. Орталықтың ұйымдастырған курстары мұнымен қалай күресетінімізді үйретеді.

Хабар 24 телеарнасы