384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Табиғи апат Иран жұртшылығын әбден титықтатты

  • 175
  • UPD: 14:23, 19.11.2019

Иран тұрғындары жер сілкінісінен айыға алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрлі есептер бойынша мыңға жуық азамат табиғат апатының құрбаны болды.  Мамандардың болжамынша, жер сілкінісінің зардабы орасан зор болмақ.

Өткен аптада Иранда жойқын жер сілкінісі болды. Ол шығыс Әзербайжан провинциясында тіркелді. Зілзала жұрт қалың ұйқыға кеткен кезде болған. Түн ортасында бірнеше рет қайталанған жерасты дүмпуі аймақ тұрғындарының зәре-құтын қашырған. Кейін мәлім болғандай, оны 20 миллион адам сезіпті. Салдарынан мыңдаған адам баспанасыз, далада қалды.

Голамреза Резаи, архитектор:

– Табиғи апаттан зардап шеккен аймаққа дәрі-дәрмек, азық-түлік пен ауыз су секілді қажеттінің бәрі жіберілді. Жалпы, зілзаладан зардап шеккендерге еліміздің барлық өңірінен азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бұған қоса, қалаға 5 миллион доллар көлемінде процентсіз несие берілді. Ол қираған үйлер мен жолдарды қалпына келтіруге жұмсалады. Яғни, әрбір пәтер үшін 10 мың доллар өтемақы төленеді. Ал жер үйде тұрған отбасыларға 5 мың доллардан берілмек.

Жалпы, Иран әлем бойынша сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі саналады. Мұнда әрбір 3 жыл сайын жүздеген үйді қиратып, тіпті тұтас бір қаланы жойып жіберетіндей жойқын жер сілкіністері болып тұрады. Соңғы жылдары Иран дәл осындай зілзаланың кемінде екеуін бастан кешірді. Оның бірі 2005 жылы болып, 600 адамның өмірін қиды. Ал 2012 жылғы жерасты дүмпулерінен 300 азамат көз жұмған болатын.

Мансур Имани, төтенше жағдайлар жөніндегі маман:

– Жер сілкінісі салдарынан аймақта бәрін басынан бастау қажет. Қазір құрылыс компаниялары үйлерді қалпына келтіруге қажетті материалдарды күтіп отыр. Бірақ оның қашан келетінін нақ айту қиын. Зілзаладан көп үйдің іргетасы ғана қалған. Сондықтан үйлерді жаңадан тұрғызу қажет. Ал әзірге азаматтар шатырда паналап, далада тамақтануға мәжбүр. Бұған қоса, мыңдаған адам табиғат апатынан жұмыссыз қалып отыр.

Енді 500-ден аса ирандық жаңа өмір бастап көреді. Билік оларға бір ай көлемінде уақытша баспана беруге уәде берді.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша и Махмуд Махмуди.

Хабар 24 телеарнасы