384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Еуроодақты есірткіден қорғап келеді

  • 107
  • UPD: 09:29, 20.11.2019

Иран Еуроодақты есірткіден қорғап келеді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Кәрі құрылыққа есірткі тасымалдауға тырысқан қылмыскерлердің ең көбі тап осы елде құрықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жылы Иран шекарашылары 800 тонна есіркті тәркіледі.

Иран географиялық орналасуына орай Ауғанстаннан есірткі тасымалының негізгі сүрлеуіне айналды. Дүниежүзіндегі апиынның шамамен 90%-і Ауған елінде өндірілетіні белгілі. Соңғы қырық жылда есірткі таратушы қылмыскерлермен қақтығыстарда 4 мың иран шекарашысы қаза тауып, 13 мыңы жараланған. Бұрын героиннің ең ірі мөлшері Африкаға жеткізілсе, соңғы жылдары Еуропаға тасымалдайтын болды.

Мохаммад Вантапур, экономист:

- Иран үкіметі есірткі тасымалына қарсы күреске қыруар қаражат бөледі. 2013 жылы Пәкістанмен шекарада арнайы сым тартып, қоршауды нығайтуға 2,6 миллиард доллар жұмсадық. Әлгі қоршау осы бағыттағы есірткі тасымалын 30%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жалпы үкімет жыл сайын есірткімен күреске орта есеппен алғанда 2,5 миллиард доллар бөліп келеді. Өйтпеске болмайды, әйтпесе біздің балаларымыз және тұтас Еуропа балалары есірткіден жапа шегеді.

Иран шекарашылары жүк тексеру және шекараны күзетумен қатар қылмыстың алдын алуға мүдделі. Өткен жылдан бастап Тегеран Ауғанстан мен Пәкістанға арнайы механикалық құрам бригадалары жіберіледі. Олар көкнәр егілген алқаптарды іздеп, оларды қайта жыртып, есірткінің орнына өзге дақылдарды егеді.

Мариам Шокрани, тілші:

- Қылмыс әлемінің өкілдерінен де айла артылмайды, олар да есірткі жеткізудің жаңа әдістерін ойлап табады. Мәселен соңғы ірі партиясын мейізге қосып өткізбек болған. Немесе пиязға да жасыруы мүмкін. Сондықтан шекарашылар әр жүкті мұқият тексеруге мәжбүр.

Иран билігі есірткі тасымалы мәселесін шешуге өзге мемлекеттердің де қолдау көрсететініне үміт артады. Әзірше тек Қытай ғана көңіл білдірген. Бұл екі мемлекет Еуропа мен Азияға есірткі тасымалымен күресті талқылау үшін келесі жылы бірқатар кездесулер өткізуі тиіс.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы