431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грета Тунбергтің XIX ғасырдағы фотосы табылды

  • 747
  • UPD: 09:56, 20.11.2019
Грета Тунбергтің XIX ғасырдағы фотосы табылды © AP Photo / Jason DeCrow

Вашингтон университетінің мұрағатынан табылған XIX ғасырға жататын фотосуреттен ХХІ ғасырдың экобелсендісі Грета Тунбергтің көшірмесіндей қыз анықталды, деп хабарлады LAD Bible.

Осыдан 120 жыл бұрын түсірілген суретте құдықтан су тасып жүрген балалар бейнеленген. Солардың арасында отырған қыз бала Грета Тунбергке ұқсайды.

Сурет 1898 жылы Канаданың солтүстік-батысындағы Юкон қаласында түсірілген.

Фотосурет көпшілік арасында қызу талқыға түсіп үлгерді.

«Грета Тунберг өткен ғасырдан бізге болашақ туралы ескерту үшін келді. Оның үстіне суретте оның қазіргі дүниетанамы да көрініс беріп тұр», - деді жазды олар.

 Айта кетсек, БҰҰ Бас ассамблеясы аясында өткен климат жөніндегі саммитте шведтік 16 жастағы экобелсенді Грэта Тунберг мемлекет басшылары мен саясаткерлерді жерден алып, жерге салған болатын.

Сондай-ақ ол қазан айының басында АҚШ-та экологиялық шеруге қатысты.

Экология мәселелерін қозғап жүрген швециялық белсенді қыз Грета Тунберг Солтүстік кеңестің экологиялық марапатынан, сондай-ақ 52 мың доллар көлеміндегі ақшалай сыйақыдан бас тартқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы