418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаға қалың қар жауып, аяз келді

  • 587
  • UPD: 10:35, 20.11.2019

Елорда түгілі Еуропада да күн суып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәрі құрлықтың көптеген бөлігінде қыс әдеттегіден ерте түсетін сыңайлы. Австрия, Франция, Испания және Словенияға қар қалың жауып, аяз келсе, Италияда толассыз жаңбырдан су тасқыны жүріп, елге шығын әкелді.

Испанияның солтүстігінде бірнеше күн бойы қар жапалақтап жауып, көптеген тасжол жабылды. Бірқатар аудандар жарықсыз қалған. Таулы өңірлерде қар көшкіні ықтималдығы күшейген. Табиғат апатынан төнген қауіптің деңгейі сарғылт түске дейін көтерілді. Халық биліктің ауа райының құбылуына дайын болмағанын айтып, шағымданып жатыр.

Блиц 1:

Бұл өте ұят. Біз қазір 60 жыл бұрынғыдай жарықсыз, жол қатынасынсыз қалдық.

Блиц 2:

- Қардан генераторлар сатып алып, азық-түлік қорын көбейтуге мәжбүрміз. Алда не болатынын кім біледі.

Словенияның солтүстігінде дәл осындай жағдай. Ал Австрияда қалың қардан қатынас тұралаған. Кей аудандарда ақ ұлпаның қалыңдығы 70 сантиметрге жетеді. Таулы аймақтарда байланыс қиындап тұр. Елдің Альпі тауы бөлігінде 1 адам қайтыс болды.

Джозеф Швайгер, Зальцбург қалалық басқармасының мүшесі:

- Таулы аудандарда қар көшкіні қаупі жоғары. Аномальді ауа райынан 6 миллион еуро көлемінде шығын келді. Қазір ең бастысы халықтың қауіпсізідгін қамтамасыз ету.

Ал Италия су тасқынынан зардап шегіп жатыр. Бірнеше күн бұрын Венецияның көшелері өзенге айналды. Судың деңгейі 187 сантиметрге дейін көтеріліп, шаһардың 80%-і су астында қалды. Табиғат апатынан жүздеген миллион шығын келген. Бірақ жергілікті тұрғындар «мұндай жағдай жыл сайын қайталанатын құбылыс», деп оған үйренгендерін айтады.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Әсем Хасенқызы

 

Хабар 24 телеарнасы