380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Панкратион: әлем чемпионатынан жерлестеріміз жетістікпен оралды

  • 221
  • UPD: 22:16, 20.11.2019

5 алтын, 5 күміс және 5 қола. Панкратион бойынша биылғы әлем чемпионатынан жерлестеріміз осындай жетістікпен оралды, деп хабарлайлды «Хабар 24».

Ұлттық құрама үшін бұл өзіндік рекорд болып есептеледі.

Әсіресе, елордалық Сәбит Жүсіпов пен Рысбек Байдуллаевтың шеберлігін ерекше атап өту керек. Өйткені олар жарыс барасында алдыңғы әлем чемпиондарымен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Осыған байланысты қалалық федерация ел намысын абыроймен қорғаған спортшылардың басын қосып, ерекше құрмет көрсетті. Салтанатты шара аясында жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталды.

Сәбит Жүсіпов, Панкратионнан әлем чемпионы:

Әлем чемпионатына бірнеше ай бойы дайындалдық. Соның өзінде жеңіс тұғырына көтерілу оңай болған жоқ. Әсіресе, финалдық сында біраз тер төгіп, намысқа тырысуға тура келді. Осынша еңбегіміз еш кетпегеніне қуаныштымыз.

Мақсат Аманғазыұлы, қалалық панкратион федерациясы президентінің орынбасары:

- Спортшыларды жинап, марапаттап, құрмет көрсеттік. Келешекте бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деп сенеміз. Біздің мақсатымыз – осы жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Хабар 24 телеарнасы