384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппин президенті электронды темекіге тыйым салмақ

  • 161
  • UPD: 16:01, 20.11.2019
Филиппин президенті электронды темекіге тыйым салмақ

Филиппин президенті Родриго Дутерте электронды темекілерді елге кіргізуге және шегуге тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады iz.ru.

«Мен электронды темекіні қолдануға және импорттауға тыйым саламын, өйткені олар улы. Мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғауға және олардың мүдделерін қорғауға барлық мүмкіндіктерге ие», – деді Филиппин көшбасшысы.

Оның айтуынша, электронды темекінің құрамында денсаулыққа қауіпті белгісіз химиялық заттар мен никотин бар.

Дутерте полицияға азаматтарды қоғамдық орындарда электронды темекіні пайдаланғаны үшін ұстауды бұйырды. Сонымен қатар жақында электронды темекіге толық тыйым салу туралы тиісті қаулыға қол қойылады.

Хабар 24 телеарнасы