384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда қақтығыс арты адам өліміне әкеп соқты

  • 174
  • UPD: 17:40, 20.11.2019
Боливияда қақтығыс арты адам өліміне әкеп соқты

Боливияның мұнай өңдеу зауытында қақтығыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 30-дай азамат жарақат алған. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері хабарлады. Олардың мәліметіне қарағанда, бақилық болғандар оқ жарақатынан көз жұмған. Белгілі болғандай, қақтығысқа бұрынғы президент Эво Моралестің жақтастарының зауытқа кірер жолдарды жауып тастауы себеп болған. Естеріңізге сала кетейік, аймақтағы ереуілдер Эво Моралестің президенттік сайлауда жеңіске жетуінен кейін басталды. Ресми деректер бойынша 20 қазаннан бері Боливияда 23 адам қаза тапқан. Бұған қоса, 700-ге жуық азамат түрлі жарақат алыпты.

Хабар 24 телеарнасы